«Мосветстанция» МБМ
Қазіргі уақытта «Мосветстанция» құтырумен ауыруы және адамдарды тістеуі мүмкін жануарларды стационарлық крантиндеуді жүзеге асыратын Мәскеудегі жалғыз мекеме болып табылады. Клиника ақылы емдеу-профилактикалық, клиникалық-диагностикалық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, терапевтік іс-шараларды, дегельминтизациялау мен иммунизациялауды жүзеге асырады. Сондай-ақ ұйым дезинсекция, дератизация және дезинфекция бойынша ақылы қызметтер көрсетеді.
PAROC (ПАРОК)
PAROC компаниясы 1930-шы жылдары құрылған, тас мақтадан жылу-және дыбыстық оқшаулауды өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналады. Бас офисі Финляндияда, зауыттар басқа 4 елде, офистер - 14 елде орналасқан. PAROC өнімдеріне құрылыстық оқшаулау, техникалық және кеме жасаудағы оқшаулау, акустикалық өнімдер және сэндвич-панельдер кіреді. Компания энергияны тұтынуды үнемдеуге және ауаны зиянды қалдықтармен ластауды азайтуға мүмкіндік беретін энергияны үнемдеуші құрылғылардан бастап экоүйлерге дейін инновациялық өнімдерді тұрақты түрде әзірлеумен және енгізумен айналысады.
Менің Балаларым
Менің Балаларым – бастамашылар тобының бала тәрбиесі мен дамуына арналған әлеуметтік жобасы. Сайтқа арналған мақалаларды үздік балалар психологтары, педагогтар, педиатрлар және логопедтер дайындайды. Команда Ресей, Украина және Беларусь елінің өкілдерінен құралған. Жобаның мақсаты – ата-аналарға баланың күнделікті дамуы және тәрбиесі бойынша ыңғайлы оқу құралын ұсыну.
Қызыл қала
«Қызыл қала» қызметінің негізгі саласы - құрылыс материалдарын бөлшектеп сату. 2012 жылы компания өзінің интернет-дүкенін ашты. Онда жылытқыштар, үлбірлер, металлопрофиль, қазандықтар, радиаторлар, бойлерлер, суды тазарту жүйелері, құбырлар және басқа да көптеген өнімдер ұсынылған. Ассортименті 50-ден астам құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілерді қамтиды.
Калинка Малинка
«Калинка Малинка» - әйелдерге арналған итальяндық аяқ киім мен итальяндық және басқа еуропалық өндірушілерден былғары сөмкелердің прогрессивтік интернет-дүкені. Компания нарықта 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды және осы уақыт ішінде бүкіл ТМД елдері бойынша мыңдаған тұрақты клиенттерге ие болды. Дүкеннің ассортименті - 4000 астам позицияны құрайды.
Велбис
«Велбис» компаниясы құрылыс-монтаж жұмыстарының нарығына 2005 жылдан бастап шықты. Қызметінің негізгі бағыты – жылыту, сумен қамту және кәріз жүйелерін монтаждау және жобалау, сондай-ақ жағалаулар мен акваторийлерді абаттандыру. «Велбис» 2007 жылдан бастап Rehau компаниясының Ресейдігі авторлығы белгіленген монтаждау ұйымы болып табылады.
Курс Групп Дистрибьюшн (KGD)
Курс Групп Дистрибьюшн компаниясы парфюмерия мен косметика саласындағы аса ірі ресейлік импортер және дистрибьютор болып табылады. Фирманың ассортименті РФ нарығында ұсынылатын барлық өндірушілерді түгелге дерлік қамтиды.
Izovol (Изовол)
IZOVOL компаниясы құрылыс жабдықтарындағы, жаңадан салынып жатқан құрылыста және түрлі нысандағы ғимараттар мен құрылыстарды жаңартқан кезде қолданылатын қондырғылар мен жүйелердегі оқшаулау проблемаларын (жылу-, дыбыс-, өрт-) шешудің тиімді шешімін ұсынады. Өндіріс орны Ресейде орналасқан. IZOVOL компаниясының өнімдері Леруа Мерлен, МЕГА, МЕТРО, ИКЕА гипермаркеттері, "Москва-Сити" Іскерлік орталығы сияқты ірі инфрақұрылымдық объектілердің құрылысында қолданылады.
Интерэнерго
«Интерэнерго» АҚБ – қарқынды дамып келе жатқан инновациялық инжинирингтік компания, 14 жылдық табысты тәжірибесі және бірегей кәсіпқой мамандардан құралған еңбек ұжымы бар. Компанияның өзіне тиесілі мықты инженерлік-конструкторлық орталығы бар, онда шағын және үлкен энергетика объектілеріне арналған жобалау, толық көлемде дайын күйде тапсыру іске асырылады, құрылыс-монтаж жұмыстарының тәжірибесін меңгерген терең білімді мамандар қызмет етеді. Компания «ТММ-Энергобуд» құбыр желілерін өндіретін зауытты басқарады. Бұл ТМД аумағындағы осыған ұқсас ең заманауи (2010 ж. ашылған) және инновациялық өндіріс орындарының бірі.
Moneycare
Moneycare – банктерге тәуелсіз және олардың бірде-біреуімен үлестес емес кредиттік брокер. Оннан астам банкпен жұмыс істейді, оның ішінде Альфа банк, ОТП банк, Почта банк, Ренесанс Кредит, Русский Стандарт, Тинькофф банк және басқалары. Moneycare 2 900 сауда орнында кредиттер береді. Кредиттерді 8 000 оператор ресімдейді.
Л’Этуаль (Алькор жәнеКо)
Л'Этуаль дүкендер желісі –парфюмерия және косметика нарығының көшбасшылары: Ресей мен Украинада 900 астам дүкендер, 8000 астам кеңесшілер мен 2000 астам кассирлер жұмыс істейді, 20 млн. жуық тіркелген сатып алушылары бар. Л'Этуаль желісінде парфюмерия мен косметика өнімдерінің он мыңдаған түрі қамтылған, 150 астам брендтер, оның ішінде, Сhristian Dior, Chanel, Givenchy, Kenzo, Clarins және басқа да көптеген өнімдер бар.
Сбербанк Лизинг
Сбербанк Лизинг акционерлік қоғамы — ірі ресейлік лизингтік компаниялардың бірі. Компания «Эксперт» РА нұсқасы бойынша алдыңғы қатарлы лизингтік компаниялардың тізімінде екінші орынды иеленеді. «Сбербанк Лизинг»АҚ-ның өңірлік желісі Ресейдің ірі қалаларындағы 40-тан астам филиалдан және Қазақстан мен Беларусьтегі еншілес компаниялардан тұрады. Сбербанк Лизинг автокөлік, құрылыс, арнайы техника және өтімді жабдықтар лизингінің типтік мәмілелерін іске асырумен қатар өнеркәсіптің барлық салаларында ірі кешенді лизингтік жобаларды қаржыландырады.