1С (1С:Кәсіпорын) – бұл кәсіпорынның бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған технологиялық платформа. 1С: Кәсіпорын платформасы үшін конфигурациялардың үлкен көлемі, яғни бизнестің белгілі бір салалары үшін нақты қолданбалы шешімдер әзірленген.

1С: Кәсіпорын платформасының әрбір жаңа нұсқасы шыққан сайын шешімді жеткізушілер, оның ішінде 1С фирмасы, пысықтап және жетілдіре отырып, өз конфигурацияларын жаңа нұсқаға ауыстырады. Бұл ретте конфигурациялардың атаулары және олардың функционалдылығы әр нұсқаға өткен сайын бір-бірінен айтарлықтай ерекшелене түседі.

Платформаның икемділігі алуан түрлі салада 1С: Кәсіпорын 8-ді пайдалануға мүмкіндік береді:

  • Өндірістік және сауда кәсіпорындарын, бюджеттік және қаржы ұйымдарын, қызмет көрсету саласының кәсіпорындарын және т.б. автоматтандыру.
  • кәсіпорынды жедел басқаруды қолдау;
  • ұйымдастыру және шаруашылық қызметін автоматтандыру;
  • бірнеше шот жоспарларымен және еркін есептеу өлшемдерімен бухгалтерлік есепті жүргізу, регламенттелген есептілік;
  • басқарушылық есепке алу және талдамалы есептеулерді жасауға арналған үлкен мүмкіндіктер, көп валюталық есептеуді қолдау;
  • жоспарлау, бюджеттеу және қаржылық сараптау міндеттерін шешу;
  • еңбекақыны есептеу және қызметкерлерді басқару;
  • басқа да қолдану салалары. 

1С:Кәсіпорын 8 платформасындағы негізгі конфигурациялар:

·         1С:Бухгалтерия – компанияда бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған. Бір ғана деректер базасында бір сәтте бірнеше ұйым бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік береді.

·         1С:Сауданы басқару – сауда-қойма есебін есебін жүргізуге арналған. Сату мен сатып алуды жоспарлауға мүмкіндік береді.

·         1С:Еңбекақы және қызметкерлерді басқару – кәсіпорында кадр есебін және қызметкерлермен есеп айырысуды жүргізуге арналған.

·         1С:Өндірістік кәсіпорынды басқару – өндірістік кәсіпорынның есебін жүргізуге және басқаруға арналған. 

Әдеттегідей, 1С:Кәсіпорын Windows НҚ пайдаланылады, бірақ, сондай-ақ, Linux НҚ-ның басқаруымен де жұмыс істеуге болады. Бағдарламада ішіне салынған Excel, Outlook және т.б. офистік өнімдермен интеграциялау мүмкіндігі бар. Деректерге қол жеткізу үшін Microsoft SQL Server, Oracle немесе PostgreSQL сияқты түрлі ДББЖ пайдалануға болады. Соның ішінде жүйе бұлттық технологияларды пайдалана отырып жұмыс істей алады, мұның артықшылықтары көп — пайдаланушылар үшін қарапайым және ыңғайлы, аппараттық ресурстар үшін үнемді, қызмет көрсету шығыны төмен және т.б. Пайдаланушыларға Интернет арқылы 1С:Кәсіпорын 8 платформасында қолданбалы шешімдерге кіруді қамтамасыз ететін бұлттық сервистерді құру үшін 1C фирмасы 1cFresh технологиясын әзірледі.

1C-те бағдарламалаудың жеке ортасы бар және ол еркін модификацияланады. Әзірлеу үшін жеке бағдарламалау тілі пайдаланылады, ол тіл негізінен синтаксис бойынша VisualBasic-ке ұқсас. Әзірлеу құралдарын пайдалана отырып жүйенің қолданыстағы конфигурациясына өзгерістер енгізуге болады. Сол сияқты 1С:Кәсіпорын платформасына кез келген ұйымның қажеттілігіне қарай икемдей отырып, «нөлден» бастап жаңа функционал әзірлеуге де болады.          

«Оқыту технологиялары» компаниясы Сіздің ұйымыңызда 1С:Кәсіпорын платформасын орнату, баптау, пысықтау және енгізу, сондай-ақ шешімдерге қолдау көрсету бойынша толық қызметтер кешенін  ұсынады. 

1С:Кәсіпорын туралы нақтырақ 1С фирмасының ресми сайтынан оқуға болады.