1С-Битрикс – веб-жобаларды: сайттарды, корпоративтік порталдарды, интернет-дүкендерді, әлеуметтік желілерді және т.б. басқару процесін қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға арналған бағдарламалық өнімдер.

Қазіргі сәтте «1С-Битрикс» - Ресейдегі интернет жобаларға арналған №1платформа.

Компания мынадай өнімдерді шығарумен айналысады:

  • 1С-Битрикс: Сайтты басқару – кез келген күрделілік деңгейіндегі сайттарды құруға және басқаруға арналған әмбебап платформа. Жүйеде сайттың құрылымынан және пайдаланушылардың құқықтарынан бастап статистиканы және жарнамалық кампаниялардың тиімділігін бағалауға дейінгі аралықта сайттың контентін басқарудың көптеген және жеңіл пайдаланылатын құралдары ұсынылады.Сайттың деректерін сақтау үшін бағдарламада сервердің файлдық жүйесі, сондай-ақ MySql, Microsoft SQL Server немесеOracle ДББЖпайдаланылады. Windows, Linux НҚ басқаруындағы немесе басқа да Unix-жүйелердегі серверлердің жұмысына қолдау көрсетіледі. Жүйе кемінде 50 модульден тұрады, олардың саны редакция сатып алатын бағдарламаларға байланысты. Әрбір модуль белгілі бір функционалдық мүмкіндіктерге жауап береді, мысалы «Форум» немесе «Қойма есебі». Жүйенің қарапайым және интуитивті тұрғыдан түсінікті пайдаланушылық интерфейсі бар, ол сайттарды бұзудан қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және автоматты түрде резервілеуді іске асырады, сонымен қатар 1С:Кәсіпорынмен интеграцияланған, сондай-ақ мобильдік технологияларға қолдау көрсетеді (мобильді қосымшалар және сайттарды мобильді басқару).
  • 1С-Битрикс: Корпоративтік портал – ішкі корпоративтік ақпараттық ресурсты құруға және басқаруға арналған әмбебап платформа. Компанияға қызметкерлердің тапсырмалармен және құжаттармен ұжымдық жұмыс істеуіне арналған ортаны ұйымдастыруға, сонымен бірге тиімді ішкі және сыртқы коммуникацияларға, міндеттерді жоспарлауға және жұмыс уақытын есепке алуға, CRM деректер базасын ұйымдастыруға және қызметкерлерді басқаруға, құжат айналымын және басқа да бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Өнімнің MicrosoftOffice-мен, корпоративтік почтамен, 1С:Еңбекақы және қызметкерлерді басқарумен, ActiveDirectoty және т.б. интеграциялау үшін барлық мүмкіндіктері бар.
  • Битрикс-24 – ірі кәсіпорынның, оның ішінде аумақтық-бөлінген құрылымымен, корпоративтік порталын құруға және басқаруға арналған әмбебап платформа.Функционалдық мүмкіндіктер мен интеграциялардың, айрықша икемділіктің және кең ауқымдылықтың мол мүмкіндіктерінен тұрады. Сервистің функционалдық мүмкіндіктері көп жағынан 1С-Битрикс: Корпоративтік порталға ұқсас, бірақ оның өзіндік ерекшелігі Битрикс-24-тің ұйымның корпоративтік порталын «бұлтта» бірнеше минут ішінде ашуға мүмкіндік беретіні, бұл ретте ол «темір» туралы ойланып жатпайды.
  • 1С-Битрикс: Мобильді қосымша –1С-Битрикс-пен жұмыс істейтін OS жәнеAndroid-қа арналған сайттар үшін мобильді қосымшаларды қысқа мерзімде әзірлеуге арналған платформа.

1С-Битрикс платформасывеб-сайттар мен оларға арналған кез келген күрделілік деңгейіндегіжәне дизайндағымобильді қосымшалар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Біз Сізге платформасын Сіздің баптау, пысықтау және енгізу,сондай-ақ шешімдерге қолдау көрсету бойынша толық қызметтер кешенін ұсынамыз.

Өнімдер туралы нақтырақ 1С-Битрикс компаниясының ресми сайтынан оқуға болады.