Біз жобалау қызметін жүргізудің меншікті әдіснамасын – MicrosoftSureStep өзгертілген және жеңілдетілген нұсқасын пайдаланамыз. Ол өзінің тиімділігін жобаның бюджеті тұрғысынан да, нәтиженің сапасы тұрғысынан да пысықтаулардың орындалуына толық бақылау жасауды қамтамасыз ете отырып бірнеше рет іс жүзінде дәлелдеді.

Тұтас алғанда схеманың жалпы сипаты мынадай:

Біз жобаның жалпы жоспарын әзірлейміз және тапсырыс берушімен келісеміз. Жобаның бүкіл кезеңінде жоспардың алдыңғы кезеңдері аяқталған соң әрбір келесі кезең неғұрлым егжей-тегжейлі нақтылана түседі. Жоспардың көмегімен мерзімге және бюджетке үздіксіз бақылау жасалады. Жобаның жоспарында бақылау нүктелері көзделеді, олар жобаның фазаларының аяқталуына сәйкес келеді. Әрбір фаза аяқталған соң сол фазада әзірленген құжаттар тапсырыс берушімен келісіледі. Әдетте жоба фазасының көлемді қорытынды құжаттарын келісу процедурасын жеңілдету үшін қорытынды құжаттың белгілі бір бөлігі фазаның өне бойында дайын болуына қарай келісіліп отырады. Оларды соңғы бекіту фаза аяқталған соң жүргізіледі.

Жобаның нәтижесінде тапсырыс беруші өзінің бірегей бағдарламалық өнімін және оған қажетті құжаттама жиынтығын алады.

Әдіснама айтарлықтай икемді: ол кез келген бірегей талаптарға икемделеді немесе кішігірім жобаларға пайдалану үшін қарапайым түрге енгізіле алады.

Біз әрбір клиентпен дербес жұмыс істейміз және кез келген стандарттық емес жобалармен жұмыс істеуге дайынбыз, біз осы артықшылығымызбен ерекшеленеміз.

Бізбен байланысыңыз – біз барлық талаптарды ескере отырып, Сіз үшін дербес коммерциялық ұсыныс дайындаймыз. 

pic.jpg