Moodle — бұл күндізгі және сырттай оқу нысандарымен оқыту жүйесі. Ең алдымен оқушылардың оқытушылармен өзара қарым-қатынасына негізделген.

Атауына аббревиатура алынған және ол ModularObject-OrientedDynamicLearningEnvironment түрінде жіктеледі (модульдік объектіге-бағытталған динамикалық оқу орталығы). Moodle – еркін пысықтау мүмкіндігімен ашық бағдарламалық тегін өнім. Бүкіл әлемде, оның ішінде Ресейде кеңінен танымал. Толығымен орыс тіліне аударылған және біздің елімізде 1000 астам инсталляциялары бар.

Пайдаланушылардың Moodle-мен бүкіл жұмысы web-портал арқылы орындалады. Бұл – жүйенің жалғыз интерфейсі, оған қосылу үшін кез келген  браузер болса болғаны. Moodle-ді пайдалану үшін пайдаланушы порталда авторлығын тіркеуі қажет, бірақ жүйеде пайдаланушының авторлығын тіркеуді қажет етпейтін, қонақ ретінде кіруді баптау мүмкіндігі қалады. Порталдың дизайнын қолданыста бар көптеген тақырыптардың ішінен таңдап алуға немесе жаңадан әзірлеуге болады.

Функционалдылық жағынан жүйенің стандартты түрдегі мүмкіндіктері орасан зор, мысалы, оқушыларды виртуалды топтарға біріктіру, әрбір оқушының жұмысы туралы жиынтық ақпарат, басқа да есептер алу, курстың басталу және аяқталу күнін, белгілі бір тапсырмаларды тапсыру, тестілеу мерзімін белгілеу. «Түсіндірме» және «Форум» құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік бар, олардың көмегімен курстар және жаңалықтар туралы ақпарат жариялауға болады.

Коммуникация құралдарының үлкен топтамасы көзделген – электрондық почта, оқытушымен салынған файлдармен алмасу, форумдар (бастапқы беттегі жалпы жаңалықтар және түрлі жеке форумдар), чат, жеке хабарламалар, блогтар.

Функционалдық жағынан бай тестілік модульмен бірге Moodle, сондай-ақ, оқушылардың жұмысын курстың «Тапсырма», «Форум» және т.б. сияқты элементтерінде бағалауға мүмкіндік береді. Және өз еркімен таңдаған немесе оқытушы тапсырған шкалалар бойынша бағалауға болады. Форумда курстың басқа қатысушыларымен бірге Wiki, глоссарий мақалаларын немесе жауаптарды бағалауды баптауға болады. Барлық баптауларды курстың бағалау парағынан көруге болады, оны көру және топтау түріне қарай оңай баптауға болады.

Moodle-нің тесттер құруда, оқу және бақылау тестілеулерін жүргізуде мүмкіндіктері мол. Тесттерде сұрақтардың алуан түрі қолданылады: сан түрлі таңдау, сәйкестікке, дұрыс/дұрыс емес, қысқа жауаптар, эссе және т.б.. Moodle тесттерді өңдеуді жеңілдететін жартылай автоматты мүмкіндіктер ұсынады. Жүйеде тестілеу нәтижелерін статистикалық сараптаудың икемді құралдары бар.

Бағдарлама кроссплатформалы болып табылады. Оның жұмысы үшін РНР қолдауымен Web-сервер және жеке ДББЖ талап етілетіндіктен, операциялық жүйені таңдап алуға қойылатын талаптар таңдалған Web-сервердің және ДББЖ-нің жұмысына қойылатын талаптармен анықталады. Web-сервер есебінде, әдетте, Apache, ал ДББЖ есебінде MySQL қолданылады. Соған қарамастан, MoodleMySQL басқа ДББЖ-ге де, атап айтқанда, MariaDB, Postgres, Microsoft SQL Server, Oracle қолдау көрсетеді. Қажет болған кезде жүйені басқа бағдарламалық өнімдермен интеграциялауға мүмкіндік бар.

Жүйенің коды толығымен ашық болып табылады, сондықтан біз жүйенің стандарттық функционалын өзгерте және кеңейте аламыз немесе Сіздің жеке талаптарыңызды ескере отырып жаңадан бірегей модуль әзірлей аламыз. Сонымен қатар біз енгізілген және Moodle бағдарламалық платформасында қолданылатын шешімдерге қолдау көрсетумен айналысамыз.

Жүйе туралы нақтырақ Moodle жобасының ресми сайтында танысуға болады.