MicrosoftDynamicsAx (Axapta) – бағдарламалық қамтамасыз етудің ірі өндірушісі – Microsoft компаниясынан кәсіпорынның ресурстарын жоспарлауға арналған шешім (ERP). 

Кез келген ауқымдағы ұйымның бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша бағдарламалық кешеннің құралдары мен мүмкіндіктері орасан зор. Axapta 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді және ол бүкіл әлем бойынша бизнестің түрлі салаларында компанияларды автоматтандыруға қатысты жобалардың қолданыстағы бүкіл тәжірибесін ескеріп отырады. MicrosoftDynamicsAx өңірлік ерекшеліктерге, оның ішінде, РФ заңнамасының талаптарына сәйкес, Ресейде оңай икемделеді.

Функционалды түрде жүйе бір-бірімен өзара байланысқан модульдерден тұрады. Бұл ретте барлық модульдер бірыңғай инсталляцияда жеткізіледі. Модульдік құрылым компанияларға іс жүзінде олардың бизнесін автоматтандыру үшін талап етілетін функционалды таңдауға және сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда компанияларға пайдаланылмайтын модульдер үшін артық ақша төлеудің қажеті жоқ. Қажеттілігіне қарай кез келген сәтте басқа да модульдерді қосымша сатып алуға болады, содан кейін оларды жүйенің сол инсталляциясында пайдалана бастау керек. Шешімнің функционалдық мүмкіндіктері өте бай: сатып алудан және жеткізу бөліктерінен бастап қызметкерлерді, қаржыны және бухгалтерияны басқаруға дейін.

MicrosoftDynamicsAx Windows НҚ басқаруымен жұмыс істейді, сондай-ақ Microsoft компаниясының басқа да өнімдерімен (Excel, Outlook және т.б.) іштей интеграциялану мүмкіндігі бар. Деректерге қол жеткізу үшін жүйеде Microsoft SQL Server ДББЖ пайдаланылады, бұл барынша жоғары өнімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді және оның SharePoint технологиясын пайдалана отырып кәсіпорынның ішкі корпоративтік  порталын күшейту мүмкіндігі бар.

Бұл шешімнің өзіндік бағдарламалау ортасы бар және ол еркін модификацияланады. Оны әзірлеу үшін объектілік-бағдарланған X++ бағдарламалау тілі пайдаланылады, ол C++ және T-SQL тілдерінің қоспасын еске түсіреді. Әзірлеу құралдарын пайдалана отырып жүйенің стандарттық функционалына өзгерістер енгізуге де, кез келген кәсіпорынның сұранысына қарай жүйені икемдей отырып Axapta базасында «нөлден бастап» жаңа функционал әзірлеуге де болады.

Біз Сіздің ұйымыңызға MicrosoftDynamicsAx орнату, баптау, пысықтау және енгізу, сонымен қатар енгізілген шешімдерге қолдау көрсету бойынша толық кешенді қызметтер ұсынамыз. 

MicrosoftDynamicsAx және MicrosoftBusinessSolutions топтамасының басқа өнімдері туралы Microsoft компаниясының ресми сайтынан оқуға болады.