QlikView – бизнес-сараптау және бизнес-талдау жүргізуге арналған бағдарламалық платформа (BI-жүйе). QlikView-ді бүкіл әлем бойынша 40 000 астам компания пайдаланады және бұл сан күн санап артып келеді. IDC компаниясының зерттеуіне сәйкес, QlikView өндіруші болып табылатын QlikTech компаниясы BI-шешімдер сегментінде әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан компания болып есептеледі. Әдеттегідей, есептік жүйелерді енгізген соң компаниялар жинақталатын деректерді сараптауға арналған ең ыңғайлы және ең жылдам құралдар туралы ойлана бастайды. Бұл үшін ең тиімді шешімдердің бірі QlikView болып табылады. Жүйе пайдаланушылар үшін бизнес-сараптау міндетін барынша жеңілдетеді, деректерді көрнекі етіп көрсетуге және кез келген қолайлы тәсілдер арқылы олармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. QlikView пайдаланған кезде пайдаланушы алдын ала бапталған есептермен немесе алдын ала белгіленген бөлшектеумен шектелмейді: ол пайдалануға оңай, сонымен қатар қажетті бизнес-сараптауды құруға арналған икемді құралды пайдаланады. QlikView деректерді консолидациялау міндетін шешеді. Платформа үшін Сіздің ұйымыңыз пайдаланатын кез келген ақпарат көзі жарамды болады (MicrosoftDynamicsAx (Axapta), MicrosoftDynamicsNav (Navision), MicrosoftDynamics CRM, Oracle, SAP, MySQL, Microsoft SQL Server, MicrosoftExcel, XML-файлдар және т.б.). жүйенің көмегімен барлық деректерді бірге және дерек көзіне тәуелсіз сараптауға болады: QlikView жай ғана бапталған дерек көздерінен оларды модификацияламай қажетті ақпаратты алады. QlikView визуализациялау бойынша үлкен мүмкіндіктерге ие. Бар болғаны бірнеше секунд ішінде орасан зор деректер массивінен кез келген күрделі графиктер салуға болады. Бірнеше рет қана басу арқылы деректердің визуалды бейнесін өзгертуге, жаңа өлшемдер, тіліктер қосуға, қажетті деңгейдегі және талап етілетін сипаттағы ақпаратты алуға болады. Бұл ретте пайдаланушылардан қандай да бір техникалық дағдылардың болуы талап етілмейді. QlikView-ке салынған ассоциация принциптері кейде бизнеске арналған тосын идеялардың және дағдылы заттарға деген жаңа көзқарастың пайда болуына ықпал етеді. Жүйе қандай да бір деректердің өзара қалай байланысқанын өзі таба алады, бұл қажетті ақпаратты іріктеу процесін айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді. QlikView көмегімен Сіздің ұйымның қызметкерлері iPhone, Android, BlackBerry және iPad мобильді қондырғыларын пайдалана отырып кез келген уақытта және кез келген жерден сараптамалық ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен бірге дәл QlikView-тің өзінде отырып бірге жұмыс істеуге, оның ішінде кез келген веб-браузерді пайдалануға болады. QlikView жұмысының жоғары жылдамдығы In-Memory технологиясын пайдалана отырып іске асырылады, онда ақпарат тікелей жедел жадыда өңделеді. Осы технологияның арқасында QlikView лезде қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. «Оқыту технологиялары» компаниясы Сіздің ұйымыңызда QlikView-ті орнату, баптау, пысықтау және енгізу бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады. Біз сонымен қатар енгізілген және QlikView бағдарламалық платформасында пайдаланылатын шешімдерге қолдау көрсетумен де айналысамыз. Жүйе туралы толығырақ QlikTech өндірушінің ресми сайтынан оқуға болады.