WebTutor – мынадай салалардағы бизнес-процестерді кешенді автоматтандыру жүйесі: 1) Ұйымның қызметкерлері: іріктеу, бағалау, тестілеу және оқыту. 2) Білім базасы: білімді жүйелеу және сақтау. 3) Ішкі коммуникация: корпоративтік коммуникацияларды ұйымдастыру және қызметкерлер мен HR-бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттестік. Жүйе модульдік көзқарасымен ерекшеленеді: бағдарламалық модульдерді жинақтау базасында жеңіл икемделетін жүйелерді құруға болады. Функционал, тиісінше, тапсырыс берушінің алдында тұрған міндеттерге байланысты болады. Жүйені енгізу нәтижесінде тапсырыс беруші порталға қол жеткізеді, ол кәсіпорынның ішкі желісінде де, сол сияқты интернетте де жүргізілуі мүмкін. Жүйенің функционалына қол жеткізу құқығы шектеледі және нақты пайдаланушының басымдықтарын есепке ала отырып бапталады. Жүйеде өздігінен стандарттық дизайн көзделген, бірақ оны өзгертуге болады. Кіру үшін кәдімгі браузер қолданылады. Портал негізінде мыналарды құруға болады: • Қашықтан оқыту және тестілеу жүйесі; • Толық оқу жоспары немесе корпоративтік оқудың және таланттарды басқарудың барлық процестерін автоматтандыратын HR-портал; • Компанияның корпоративтік ақпараттық порталы. Порталда қол жеткізуге болатын сервистер үлгісі: • Электрондық оқу курстарын пайдалана отырып қызметкерлерді қашықтан оқыту • Вебинарлар форматында тренингтер мен семинарлар өткізу • Қызметкерлерге компанияның HR-саясаты туралы ақпарат беру (жаңалықтар, мақалалар, құжаттар) • Қызметкерлерді тестілеу • Қызметкерлерге корпоративтік оқудың барлық нысандары туралы ақпарат беру, оқу шараларының күнтізбесімен таныстыру, оқуға өтінімдер жинау • Кері байланысты жинақтау - форумдар, блогтар, сауалнамалар, оқу туралы пікірлер • Қызметкерлермен бағалау процедураларын жүргізу (құзыреттіктер бойынша, мақсаттар бойынша, KPI бойынша) • Қызметкерлерді іріктеу процесі шеңберінде сыртқы кандидаттарды іздеу және іріктеу • Таланттарды анықтау, жалғастықты жоспарлау, ішкі іріктеу • Компанияның электрондық кітапханасын және білім базасын құру Барлық WebTutor модульдері бірыңғай инсталляциямен жеткізілетінін және бір-бірімен өзара байланыстырылғанын атап өту қажет. Әрбір модуль жеке лицензияланады – бұл Сізге қажетті функционалды таңдап алуға және соны ғана сатып алуға мүмкіндік береді. Жүйе сіздің АТ-инфрақұрылымыңыздың – қызметкерлерді есепке алу жүйесінің, EPR жүйесінің, пайдаланушыларды есепке алу жүйесінің, корпоративтік почта жүйесінің және т.б. негізгі элементтерімен байланыстырылуы мүмкін. Біз Сізге WebTutor жүйесін Сіздің ұйымыңызға орнату, баптау, пысықтау және енгізу бойынша толық кешенді қызметтер ұсынамыз. Біз сонымен қатар енгізілген және WebTutor базасында пайдаланылатын шешімдерге қолдау көрсетумен де айналысамыз. WebTutor жүйесі туралы нақтырақ серіктестің ресми сайтынан оқуға болады.