Біздің маманданған саламыз –кәсіпорынның бизнес-процестерін автоматтандыру саласында ІТ-қызметтер көрсету.

Жиі шешуге тура келетін міндеттер ішінде консалтинг пен енгізілген автоматтандыру жүйелерін пысықтауды, логистиканы, қойманы, сатып алуды, сатуды басқаруды, фискальдықрегистраторларды пысықтауды, есептілік бухгалтериясын және басқа да көптеген міндеттерді атауға болады.Әрбір кейс жеке әзірленеді: Сіз өзіңізге ғана тиімді схеманы алатыныңызға сенімді бола аласыз.

Сіздің компанияның ресурстарын басқаруды технологиялық жағынан оңтайлы және ыңғайлы ету үшін біз ең тиімді бағдарламалық өнімдерді – 1C, Axapta және QlikView пайдаланамыз. Біз сондай-ақ, IT-қолдау қызметтерін және сіздің ұйымда қолданылып жүрген бағдарламалық өнімдерді дамытуды ұсынамыз. Бұл ретте жүйені бастапқы орнатумен және енгізумен кім айналысқаны маңызды емес. Біз жүйенің қаншалықты модификацияланғанына және стандарттық емес екендігіне қарамастан, өзімізге оны қолдау міндетін аламыз. Біздің мамандардың тәжірибесі Сіздің шешіміңіздің спецификасына жылдам бойлауға және өте қысқа мерзім ішінде оған тиімді қолдау көрсетуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біз жылдам старт алуға және дедлайндардың қатаң сақталуына кепілдік береміз және жобалау қызметін жүргізудіңтиімділігі дәлелденген жеке әдіснамасын пайдаланамыз.