Қызметкерлермен жұмысқа қатысты бизнес-процестерді автоматтандыру–біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі.

Сіздің компанияның қызметкерлерін іріктеуді, оқытуды, тестілеуді және бағалауды тиімді жүргізу үшін біз ең сұранысқа ие бағдарламалық өнімдер негізінде кешенді шешімдер ұсынамыз. Олардың арасында WebTutor – қызметкерлермен және білім базасымен жұмыс істеу үшін, E-Staff—қызметкерлерді автоматты түрде іздеу және іріктеу үшін, Moodle — күндізгі және қашықтан оқытуды басқару үшін ең танымал жүйелердің бірі, сондай-ақ «1С-Битрикс» («Корпоративтік портал») сияқты басқа бағдарламалық өнімдер бар. 

Әрбір кейс жеке әзірленеді. Жұмыс құрамына бағдарламалық өнімдерді енгізудің бүкіл процесі, басынан бастап аяғына дейін, оның ішінде сіздің талаптарыңызды ескере отырып, пысықтау жұмыстары кіреді. Біз жүйеге жоба басталған кезде де, одан кейінгі кезеңде де қолдау көрсетеміз. Біз әзірлеген жобалау қызметін жүргізу әдіснамасы икемділігімен, қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді.